KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
518.31 567.96 6.03

ШҚО-да қар құрсауында қалған 113 адам құтқарылды

14.03.2021, 10:42 366

Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауында қалған 113 адам құтқарылды,

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, алдын ала жасалған дауылды ескертуге қарамастан өңір тұрғындары алыс жолға шығуда. «Алтай-Чапаево» тасжолының 0-37 шақырымдағы жол учаскесінде 45 автокөлік қарға батып қалған. Құтқарушылар шұғыл көмекке аттанып, 113 адамды, оның ішінде 9 баланы құтқарды. Көліктер арнайы техниканың көмегімен қардан шығарылды. Апаттық-құтқару жұмыстарына департаменттің 46 қызметкері мен 14 бірлік техникасы жұмылдырылған. 

«Осы ретте, өңір тұрғындарына дауылды ескерту жасалған кезде алыс сапарға шықпау қажеттігін ескертеміз. Жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отырған абзал. Егер жолда қиын жағдайға тап болсаңыз, дереу «112» нөміріне хабарласу қажет», - делінген мәліметте.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу