ШҚО полицейлері қар құрсауында қалып қойған балықшыларды құтқарды
фото: vera.kz
2024 жылдың 1 қаңтарында кешке қарай Шемонаиха полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудан тұрғыны хабарласып, күйеуінің ауыл маңында таңертең ерте балық аулауға кеткенін, содан кейін қайтып оралмағанын айтқан.
Сигналды алған полицейлер бірнеше қарда жүретін көліктерді іске қосып, дереу ер адамды іздеуге шыққан, бір-екі сағаттан кейін балықшы мен оның досын табылып, құтқарылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Ер адамның бұл жерге қарда жүретін көлікпен барғаны, балық аулап болған соң үйіне қайтуға бел буғаны белгілі болды. Алайда, қайтар жолда жол бұлыңғыр болып, оның қарда жүретін көлігі сол жағымен мұздың астына түсіп кеткен. Өзінің күші жетпейтінін түсінген балықшы жұбайына және досына қоңырау шалған. Досы көмек қолын созу үшін оған кеткен. Алайда, ол да қар құрсауында қалған. Біраз уақыттан кейін ер адамдар кездесіп, көмек күту үшін бірге қалған.
Полиция қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарын мүмкіндігінше ауа-райының қолайсыздығы кезінде саяхаттаудан және демалыстан бас тартуға шақырады, егер сізге көмек қажет болса, «102»арнасына хабарласыңыз.
Айна Ескенқызы