KZ
Өскемен
-20°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
523.72 544.09 5.2

Кәсіпкерлер қолма- қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тартса қайда хабарлауға болады?

Фото: sskidki.ru

11.01.2024, 11:10 102

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз және тұтынушылардың құқықтарын бұзу болып табылады.

Салықтан жалтарып, қолма- қол ақшасыз төлемдерден бас тартқан кәсіпкерлер айыппұл төлейді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпкерлер төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға ескерту жасалады, ал, екінші рет қайталап, бас тартқан   жағдайда – кәсіпкерге 147 680 теңге (40 АЕК) көлемінде айыппұл салынады (ӘҚБтК-нің 194-бабы).


Егер кәсіпкер қолма - қол ақшасыз төлем қабылдаудан бас тартса, 1414 және қосымша 3 нөмірін теру арқылы байланыс орталығына қоңырау шалуға, немесе облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің 8 701 602 73 44 ватсап нөміріне (9.00 -18.00 дейін) жазуға немесе 8(7232) 70-04-59 нөміріне  хабарласуға болады.


Сонымен қатар, мүмкіндік болса, WIPON CASHBACK қосымшасын ұялы телефонға орнатып, орын алған жағдай бойынша бейнеролик түсіріп, мекен-жайын көрсетіп қосымша арқылы жолдауға болады. Ол шағым жергілікті мемлекеттік кірістер басқармасына  түсіп, шара  қолданылады.


Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу