KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Кәсіпкер тек қолма-қол төлем талап ете ала ма?

фото: news.myseldon.com

8.01.2024, 15:05 140 Қызырбек Дүргінбайұлы

Қазіргі уақытта онлайн жұмыс оңтайлы, мобильды төлем қолайлы. Сол үшін халық банктердің мобильді қосымшаларын пайдалану үрдісіне әбден үйреніп алды. Алайда салықтан жалтаруды көздеген кейбір кәсіпкерлер тек ғана қолма-қол төлемді талап ете бастаған. Бұл заңды ма?

Қазақстанда 2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86%-ға дейін өсті. Бұл көрсеткіш 2022 жылы – 82% болған. Бұл Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметтері. 6 жастан асқан балалар да қолма-қол ақшасыз төлемдерді белсенді пайдаланады, ата-аналардың 41,4%-ы балаларына карта рәсімдеген. Бұл Kursiv Research әлеуметтік зерделеу орталығының мәліметтері.

Енді айтайық, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады, себебі «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларында әртүрлі төлем әдістері – банк картасы, QR төлемі немесе қолма-қол ақша қарастырылған (25-бап).

Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту, ал қайталап заң бұзғаны үшін 147 680 теңге (40 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу көзделген (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 194-бабы).

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы мемлекеттік кірістер органдарына хабарласуыңыз қажет.

Сонымен бірге Салық кодексі микро және шағын бизнес субъектілеріне оңайлатылған салық салу жағдайы жасалды, атап айтқанда: салық мөлшерлемелері қызмет түріне байланысты 1%-дан 4%-ға дейін. Кәсіпкер өзіне ыңғайлы салық режимін таңдай алады – патент (салық мөлшерлемесі 1%); оңайлатылған декларация (салық мөлшерлемесі 3%); бөлшек салық режимі (салық мөлшерлемесі 4%).

Салық және әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептелетін және төленетін «e-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы салық салу режимін таңдауға болады.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларация тапсыруы тиіс, сондықтан кәсіпкерлік қызметтен алынған кірістерді дұрыс көрсету өте маңызды. Кейінгі жылдары мүлікті сатып алған жағдайда бұл кірістер салық салу мақсатында есепке алынады.

Сондай-ақ тауарларды сату немесе қызмет көрсету кезінде кәсіпкерлер де сатып алушыға түбіртек беруге міндетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу