Қазақстанда есірткі және психотроптық препараттардың тізімі кеңейтілді
Фото: Polisia.kz
Қазақстанда бақылауға жататын есірткі және психотроптық препараттардың тізімі кеңейтілді.
Тізімге 8 жаңа позиция қосылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Үкіметпен психоактивті заттардың 8 атауымен бір прекурсорды және олардың қылмыстық мөлшерін айқындай отырып, мемлекеттік бақылауға енгізу жөнінде кезекті қаулы қабылданды.
Polisia.kz мәліметі бойынша, тізімге Пара-флюорофентанил, Брорфин, Метонитазен есірткі заттары енген: 3-метоксифенциклидин, Эвтилон, Клоназолам, Диклазепам, Флубромазолам психотроптық заттар және 4-метилпропиофенон есірткі өндірісінде қолданылатын Прекурсор.
2019 жылы Үкіметке есірткі тізімін бекіту құзыреті берілгеннен бастап, тізім 154 жаңа психоактивті заттармен толықтырылған. Оның ішінде 125 есірткі және психотроптық заттар және 29 прекурсорлар. Қазіргі уақытта есірткіні тізімге енгізу процедурасы шамамен бір айға созылады. Бұл үшін заттар Еуразиялық одақ елдерінің тізбелерінде немесе БҰҰ-ның есірткіні бақылау жөніндегі Халықаралық Комитетінің ұсынымда болуы жеткілікті.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін 700-ге жуық белгілі есірткі түрі бақыланады.