Тарбағатай ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады
Елімізде салуатты өмір салтын сақтау мақсатында игілікті істер атқарылып келеді. Соның бір дәлелі өңірлерде заманауи спорттық сауықтыру кешендері салынуда.
Осы жылы Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы басталмақ. Жобаның құны 885 млн теңге, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Құрылсы нысаны жуықта басталатыны туралы Тарбағатай ауданының әкімдігі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
– Биылғы жылы аудан орталығы Ақжар ауылында заманауи спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы басталады. Жобаны 2024-2025 жылдары жүзеге асыру жоспарланған. Жобаның жалпы құны: 885 679 835 теңге, – деп мәлімдеді аудан әкімдігі.
Қызырбек Дүргінбайұлы
Оқи отырыңыз