KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 5 м/с, ОБ
487.81 527.62 5.02

Қайсенов кентіндегі емхана құрылысы қашан басталады?

pixabay.com

25.02.2024, 11:05 119 Назерке Каримова

Жаңа салынатын емхана 150 адамбы бірден қабылдайтын болады.

Құрылыс "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы аясында жоспарланған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау саласындағы маңызды факторлардың бірі азаматтарды сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету болып табылады.

Қазір Ұлан ауданындағы Қасым Қайсенов ауылында 5-қабатты тұрғын үйдің 2-3-ші қабатында клиника орналасқан.

Бұл медициналық клиниканың жеке кіреберіс есігі жоқ және бұл тек жұмысшыларға ғана емес, сонымен қатар көпқабатты үйдің тұрғындарына да қолайсыздық тудырады.

Мәселені шешу үшін ауылда салалық басқармамен бірлесіп жаңа емхана салу туралы шешім қабылданған. "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы аясында Қасым Қайсенов ауылында 150 келушіге арналған емхана салынуда.

Бас жоспар бойынша емхана ауылдың перспективалы бөлігінде орналасқан. Қазіргі уақытта электр беру желілерін алаңнан тыс шығару, сондай-ақ құрылыс-жер жұмыстарына дайындық жұмыстары жүргізілді.

Жоспар бойынша құрылыстың ұзақтығы ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив