KZ
Өскемен
-20°
пасмурно жел 1 м/с, С
509.75 594.67 6.46

ШҚО-да көшкін қаупі бар

сурет: gov.kz

6.03.2024, 14:35 205 Оразай Жеңісұлы

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары алдағы екі күнде қар көшкіні жүруі ықтимал екенін айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өңір тұрғындарына таулы аймақтарға сапарға шықпауға кеңес берілді.

- Қазір қар жамылғысы сусымалы, оған қоса жел екпіні күшейіп келеді. 6-7 наурыз аралығында таулы аудандарда қар көшкіні жүруі мүмкін, - деп ескертті ШҚО ТЖД.

Естеріңізге сала кетейік, өңірдегі көшкін қаупі жоғары учаскелер көлік жолдарының бойында жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу