KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
479.38 531.63 5.27

ШҚО-да жасөспірімдер арасындағы қылмыс азайды

Сурет: Анель Абзалбекова

11.03.2024, 11:28 120 Ынтымақ Толқын

Шығыс Қазақстан облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыс өткен жылы 23 пайызға төмендеген.

2024 жылдың басынан бері облыс аймағында 19 қылмыс тіркелген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ел бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыс артқанымен, облыста оның төмендегені байқалады. ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басталғалы жасөспірімдер арасында 19 қылмыс тіркелген. Ал бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 14%-ға төмен.

Қазір облыста кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселесі күн тәртібіне қойылған.

- Облыс прокуратурасы жүргізген талдау қиын өмірлік жағдайға тап болған әрбір отбасымен жеке жұмыс жүргізіп, жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру, спорт секциялары мен үйірмелерге көптеп тарту қажеттігін көрсетті. Сондай-ақ білім беру ұйымдары, полиция және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту керек, - делінген ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің ақпаратында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив