ШҚО-да жасөспірімдер қылмысы азайды
Шығыс Қазақстан облысында кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыс азайып келеді.
Бұл туралы мамандандырылған аумақаралық соттың жиында айтылды, деп хабарлайды Altaynews.kz.
– 2022 жылы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс бойынша 61 іс қаралды. Оған дейін келіп түскен тағы 63 іс бойынша шешім шығарылды. Тараптарды татуластыру арқылы 14 істі қарау тоқтатылды. Осы жерде оң статистика байқалатынын айтқым келеді. 2021 жылы 187 іс қаралған болатын, – деді сот төрайымы Сәния Тұтқанбаева.
Оқи отырыңыз