ШҚО қалалары мен аудандарында тасқынға қарсы дайындық жүріп жатыр
ШҚО ТЖД
Риддер, Ұлан, Тарбағатай аудандары су тасқыны кезеңіне дайындықты белсенді бастап кетті, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, кеше облыстың азаматтық қорғау қызметтері жоғары әзірлікке жұмылдырылғанын жазғанбыз.
Бүгін су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Риддер қаласында арықтарды қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатқаны белгілі болды.
Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық округінің Қасым Қайсенов кентінде де су тасқынына дайындалуда.
Сондай-ақ, Тарбағатай ауданының 8 елді мекенінде тұрғын үйлерді су баспауы үшін су құбыры құрылғылары мен арықтарды қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, құтқарушылар халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аула аумағын қардан, арықтарды мұздан тазартуды ұсынады.