ШҚО-да күн күрт жылынады: Мамандар ескерту жасады
фото: papik.pro
Қазгидрометтің өңірдегі филиалының ақпаратына сүйенсек, 3-7 сәуір аралығында аймақтың басым бөлігінде жауын-шашын болады. Оған қоса, ауа температурасы күрт көтеріледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Температуралық фонның өзгеруіне байланысты қар жылдам еріп, су қоймаларында сең қозғала бастайды. Яғни су деңгейі жоғарылайды.
ШҚО ТЖД кеңес береді:
- арықтар мен жыраларды тазарту – су тасқыны қаупін азайтады;
- үй аумағын қарғын судан қорғау үшін қолда бар материалды пайдаланып, топырақ, құм толтырылған қаптарды дайындау қажет;
- егер үйіңіз су тасқыны қаупі бар жерде орналасқан болса, азық-түлік қорын жертөледе немесе су баспайтын жерде сақтаңыз;
- ауа-райы болжамын және гидрологиялық жағдай туралы хабарламаларды қадағалаңыз.
Төтенше жағдай кезінде «112»-ге қоңырау шалу керек.