ШҚО-да өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін
Фото: uapsevesti.ru
17-18 наурызда облыс аумағында қардың қарқынды еруі жалғасады.
«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, күндіз ауа температурасының жоғарылауына байланысты қар еріп, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Осы ретте Төтенше жағдай қызметі арықтар мен бұлақтардың арналарын тазалауды және бітеп тастамауды ескертеді. Сондай-ақ, үй аумағын (қап, топырақ, құм, саз) үймелеу үшін қолда бар материалды дайындап қойған жөн.
Төтенше жағдай кезінде «112» телефоны бойынша хабарласыңыз
Оқи отырыңыз