Өскемен мен Риддерде ауа ластанады
көрнекілік сурет: stylishbag.ru
Қазгидромет Алматы мен тағы үш қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«2024 жылғы 8 сәуірде Өскемен, Риддер, Алматы қалаларында және түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауа ластанады», - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Оқи отырыңыз