ШҚО ТЖД өрт қаупі кезіндегі сақтық шараларын еске салады
ШҚО ТЖД тұрғындарға өңірде өрт қаупі сақталатынын ескертеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО ТЖД өрт қауіпті кезеңде қатаң тыйым салынады:
- орманды дала аймағында от жағуға;
- орманға автокөліктермен, әсіресе мотоциклдермен кіруге. Себебі сөндіргіштің ұшқындары өртке себеп болуы мүмкін;
- аң аулау кезінде оқ тығынын пайдалануға. Аңшы оқ атқан кезде мылтықтан ұшып шыққан тығын құрғақ шөпке түсіп, жалын тұтануы мүмкін;
- шөпті жағуға және күн астында шыны сынықтарын қалдыруға;
- жанып тұрған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын тастауға және темекі шегетін түтіктерден ыстық күлді түсіруге;
- жанар-жағармай заттары сіңген сүртетін материалдарды қалдыруға;
- іштен жану қозғалтқыштары жұмыс істеп тұрған кезде отын бактарына бензин құюға.
Өрт болған жағдайда бірден 101 және 112 нөмірлеріне хабар беру керек.