KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 3 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Мемлекет басшысы Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

t.me/aqorda_resmi

7.05.2024, 12:00 66 Назерке Каримова

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күніне байланысты 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні деп жарияланған болатын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтап, қастерлі құндылықтарды орнықтыра түсу үшін бұл мерекенің маңызы зор.

Мемлекет басшысы айтқандай, әскери борышты өтеу Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі екені анық. Халыққа қалтқысыз қызмет ету – әрбір адал азаматтың перзенттік парызы.

– Қазақстан ұлттық мүддені қорғауға, аумақтық тұтастықты сақтауға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге баса мән береді. Айбынды армиямыз егемендігіміздің кепілі, мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі саналады, – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. – Біз әскеріміздің әлеуетін оқу-жаттығу жиындарында ғана емес, нақты міндеттерді жүзеге асыру барысында да көріп жүрміз. Алапат тасқын ел-жұртқа қауіп төндіргенде, сарбаздарымыз алдыңғы шептен табылды. Олар өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқарып, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетті.


Еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту және әскери қызметкерлерді қолдау қашанда мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді.

– Қарулы Күштеріміздің мерейі үстем болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! – деді Мемлекет басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив