KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
475.18 510.72 5.47

Жалған ақпарат: 50 мың теңгеден аударып жатыр

gov.kz

30.06.2024, 23:00 92 Назерке Каримова

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде1949-1998 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына 26 маусымынан бастап белгісіз әлеуметтік қордан 50 000 теңге аударылатыны туралы ақпарат тараған.

Қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз, - деп ескертті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.


Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Министрлік азаматтарға тек ресми ақпарат көздерін пайдалануды сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат тарату заңмен жазаланады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив