KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
475.39 513.37 5.4

Мемлекеттің «көмек» беретіні өтірік болып шықты

Фото: penza-post.ru

9.02.2024, 16:30 210 Ынтымақ Толқын

Facebook әлеуметтік желісінде тараған «Мемлекеттен 100 мың теңге көлемінде өтемақы алыңыз» деген ақпарат фейк, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі StopFake.kz-ке сілтеме жасап.

Абайлаңыз! Алаяқтар алдаудың жаңа түріне көшкен. Әлеуметтік желіде мемлекет тарапынан әр қазақстандыққа 100 мың теңге көлемінде өтемақы беріледі деген хабар тарауда. Алайда, ҚР қаржы министрлігінің ресми әлеуметтік желілерінде ол туралы еш мәлімет жоқ. Жалған парақшалардан тараған ақпарат астындағы сілтемеге өтсеңіз белгісіз сайтқа тап боласыз. Онда ақшаны алу үшін өзіңіз туралы мәліметте толтыру керек. Осылайша алаяқтар аңғал тұрғындардың мәліметіне қол жеткізген соң сан соқтырып кетеді.

Ақпараттың сенімділігін арттыру үшін алаяқтар бір күндік парақшалардан қаржының шынымен алған адамдар ретінде пікірлер де қалдырған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив