KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Алаяқтар ақпарат министрінің атынан жалған хабар таратып жүр

pixabay.com

30.06.2024, 22:00 132 Назерке Каримова

Аида Балаеваның атынан мәдениет қайраткерлеріне түрлі мәселелер бойынша хабарламалар келіп түскен.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламалар алаяқардың ісі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Аида Балаева мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламаларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс арналары арқылы жібермейді, – деп ескертті министрліктегілер. – Халықтан абай болуды және хатқа жауап бермеуді сұраймыз.


Мұндай хабарламалар алған жағдайда:

  1. Келген хатты елемеу, хатқа жауап бермеңіз.
  2. Алаяқтық фактісі туралы құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
– Азаматтардың  мүддесін  қорғау – біздің басты міндетіміз. Біз алаяқтық әрекеттерін болдырмауға және кінәлілерді жауапқа тартуға бар күшімізді саламыз, – деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив