Су тасқыны, өтемақы: Алаяқтар жалған ақпарат таратып жатыр
фото: oinfo.ru
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлейтіні туралы ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Министрлік жалған ақпарат тарап жатқанын ескертеді. Белгісіз адамдар төлемдерді алу үшін «толығырақ» батырмасын басуды немесе сілтемеге өтуді сұрайды.
Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы таратылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады. Жалған ақпарат таратушылар заңмен жазаланады.