KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Алаяқтар еңбек министрінің атынан елді алдап жүр

pixabay.com

19.05.2024, 23:00 162 Назерке Каримова

Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіре отырып, жеке деректерін алмақ болған.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған жалған аккаунттардан белгісіз адамдар жеке хабарламалар жіберуде, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

- Алаяқтар өзге адамның атын пайдаланып азаматтарды әңгімеге тартуға және қандай да бір жолмен жеке деректерді алуға немесе басқа да алаяқтық әрекеттер жасауға тырысады, - деп ескертеді министрліктегілер. - Егер сіз осындай фактімен бетпе-бет келсеңіз, ондай хабарламаларға сенбеуіңізді және оларға жауап бермеуіңізді, алаяқтарға сіздің жеке деректеріңізге қол жеткізу мүмкіндігін болдырмау үшін жіберілген сенімсіз сілтемелерге өтпеуіңізді сұраймыз.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу