Бакуде Әзірбайжан-Қазақстан ғылыми-білім беру орталығы ашылды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінен
Мұнда кең бейінді ғылыми зерттеулер жүргізуіне, бірлескен ғылыми форум, конференция, семинарлар өткізілмек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлағандай, Utebayev University Басқарма төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова Баку жоғары мұнай мектебіне барып, Әзірбайжан-Қазақстан ғылыми-білім беру орталығының ашылу салтанатына қатысты.
Бұл орталық оқу орындарының одан ары дамуына, кең бейінді ғылыми зерттеулер жүргізуіне, бірлескен ғылыми форум, конференция, семинарлар өткізу саласындағы жан-жақты ынтымақтастыққа жол ашады.
Әзірбайжан-Қазақстан ғылыми-білім беру орталығының мақсаты – ғылыми зерттеулер мен технологиялық прогресс арқылы тұрақты тәжірибелерді енгізу және қоршаған ортаны сақтауда ынтымақтастық орнату.