Берелде бұрын-соңды болмаған жарыс өтеді
фото: depositphotos.com
Туризмнің төріне айналған Катонқарағай ауданының Берел ауылында 27 шілде күні «Qaton-Qaragai Trail Running Races – 2024» жарысы өтеді. Жарысқа қатысушылар төрт түрлі қашықтық бойынша сайысқа түсетін болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл спорттық іс-шара тек денсаулықты нығайтып қана қоймай, сонымен қатар, жастардың рухани дүниесін байытып, ел ішінде тарихи мұраларды насихаттауды мақсат етеді.
Жарысқа қатысушылар 3 км мен 5 км қашықтықты тегіс жолмен мұражайға дейін жүгірсе, 26 километрге жарысушылар Шұбарағаш ауылына дейін, ал 60 километрге қатысушылар Рахман қайнарына дейін жүгіріп барып қайтады.
Жарысқа өтінім баргендер арасында халықаралық және республикалық жарыста жеңімпаз болып жүрген желаяқтар бар, олар Астана, Көкшетау, Семей, Қарағанды, Петропавл қалаларынан келеді.