KZ
Өскемен
-18°
плотный туман Штиль
503.17 600.89 6.63

Өскемендіктер ашық аспан астында фильм тамашалады

26.07.2024, 21:11 482 Ләззат Қанатқызы

Өскемен жұртшылығы жұманың кешінде Комендатка өзенінің арнасына асықты. Себебі мұнда бүгін кезекті отандық фильм көпшілік назарына тегін ұсынылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған қызықты шараға еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін жиналыпты. Жұртшылық алдымен караокеде ән айтып, артынша “Тақиялы періште” фильмін тамашалады.

- Өткен аптада «Өскемен» аллеясына «Алпамыс мектепке барады» атты фильм қазақ тілінде көрсетілген болатын. Бүгін тұрғындардың өтінішімен отандық “Тақиялы періште” фильмінің орысша нұсқасын қойдық. Жаз мезгілінде ашық аспан астындағы (Open air) кино көрсетілімі әр түрлі жастағы көрерменге қызықты болады деп ойлаймын. Бұл шараны қыркүйек айына дейін жалғастыруды жоспарлап отырмыз, - деді облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Самат Қасенов.

Фильм көрсетілімінің соңы би кешіне жалғасты. Ұйымдастырушылар көпшіліктің көңілінен шыққан бұл шараны дәстүрлі түрде жалғастырмақ ниетте.

Айта кету керек мұндай кино көрсетілімдері Самар, Алтай және Глубокое аудандарында да ұйымдастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу