KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
523.86 544.34 5.11

Өскеменде қайыңды алқап аумағы абаттандырылатын болады

14.09.2024, 14:51 310 Қуаныш Рахметоллаұлы

Ертістің сол жағалауында орналасқан Өскемендегі қайыңды алқап аумағы  ауқымды абаттандыруды күтуде. Шығыс Қазақстан облысының басшысы Ермек Көшербаев, қала әкімі Жақсылық Омарға тиісті тапсырма берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

"Бұл қала тұрғындары үшін тамаша демалыс орны . Біздің шаһарымыздағы  осындай орындар қала тұрғындары мен қонақтары уақыттарын  тиімді өткізетін саябақ аймақтарына айналуы тиіс", - деп атап өтті сенбілік өткізген аумаққа барған кезде облыс әкімі. 
Қазір бұл аймақ  қаңырап бос тұр. Қала тұрғындары демалыс күндерін осы маңда өткізіп, қоқыстарды жинамай қалдырып кетеді.  Бүгін қалалық әкімдік сенбілік өткізіп, күл-қоқыстан  тазартты. Алдағы уақытта бұл жерде  қалалықтар тазалық сақтамаса, еңбек еш кетіп,  қайтадан қоқысқа толып кететіні анық. 
Өңір басшысы Ермек Көшербаев қала тұрғындары осындай табиғи аумақтарды бағалау үшін қала басшылығы демалуға қолайлы жағдай жасауға бар күшін салуы тиіс екенін атап өтті.
Абаттандыру аясында келесі жылы Ертіс жағасында өзен трамвайлары үшін айлақ орнату, фуд-корттар, ҚТҚ үшін урналар, беседкалар мен ойын алаңдарын орнату жоспарлануда. Автокөліктерге демалыс аумағына  кіру жабық болады, бірақ жақын жерде автотұрақ болмақ. Ал қыс мезгілінде  ашық ауада шаңғы трассалары пайда болады.
Сонымен қатар, қайың тоғайы ішкі туризм маршруттарының картасына еніп, демалыс пен ойын-сауықтың негізгі нүктелерінің біріне айналады. Бұл туристерді көбірек тартуға және қаланың туристік инфрақұрылымын дамытуға өз әсерін тигізбек. 
Жоба барлық жастағы топтардың демалуы үшін жайлы және заманауи кеңістік құруға бағытталатын болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу