KZ
Өскемен
-9°
туман жел 2 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Арбат ашылды. Өскемендіктер көптен күткен тағы бір демалыс орны

12.09.2019, 11:41 309

Өскеменнің де өз Арбаты бар. Бүгін жаяу жүргіншілерге арналған көшенің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қала күніне орай ұйымдастырған мерекелік шараға облыс әкімі Даниал Ахметов пен шаһар басшысы Жақсылық Омар қатысты.

– Бүгін міне қаламызда алғаш рет Арбат ашып жатырмыз. Бұл жер қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналады деген сенімдемін, – деді облыс басшысы.

Бұл жерде қала тұрғындары жанды музыка тыңдап, қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалайды. Сондай-ақ қылқалам шеберлеріне портрет жаздыруға мүмкіндік алады.

Арбаттың ашылғанына қуанған жастар енді осында серуен құрамыз деп отыр.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу