KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

"Маған сеніңіздер. Жағдайды реттеймін". Өскеменнің әкімі уәде берді

13.09.2019, 05:23 279

Кеше Өскемендегі Ахмер кенттің тұрғындары наразылық белгісі ретінде тасжолды жауып тастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ахмер кенті облыс орталығының іргесінде орналасқан. Тұрғындардың қала мен екі ортаға қатынайтын 42-ші қоғамдық көліктің қозғалыс кестесіне көңілдері толмайды. Себебі саусақпен санарлық «42» сирек жүреді. Қай уақытта болмасын, лық толып тұрған осы автобусты ғана көруге болады. Ересектер жұмысына, студенттер оқуына, балалар мектепке уақтылы барудан қалған. Ахмерліктердің базынасы айтылып та, жазылып та келеді. Алайда көлік компаниясының басшылығы жүргізушілердің жетіспейтінін алға тартса, қалалық әкімдік осы уақытқа дейін қол қусырып келді.

Ереуілдеп жолға шыққан елдің алдынан қала әкімі Жақсылық Омар шығып, тұрғындармен бір тілге келе алды.
– Маған сеніңіздер. Жағдайды реттеймін, – деді Жақсылық Омар.

«Vosca» ЖШС тасымалдау компаниясымен кездесу бүгін өтуі тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу