KZ
Өскемен
+30°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
440.9 475.95 4.82

ШҚО әкімі бас шаһарды дамыту бойынша кеңес өткізді

28.03.2024, 10:33 54 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Өскемен қаласын дамыту бойынша кеңес өткізіп, шағын аудандардың барлығына бірдей назар аудару керек екенін айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Бірден айта кетейін, бас жоспар мен аумақтарды дамыту жоспары қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталуы тиіс. Сондықтан облыс орталығында тіптен дамыған немесе келешегі жоқ аудандар болмауы керек, яғни барлығына бірдей назар аударған жөн. Атап айтқанда, қаланың ескі бөлігіне сәулет келбеті мен стилін бұзбай және жаңа ғимараттарға назар аудару маңызды, – деді ШҚО әкімі.

Сондай-ақ өңір басшысы көлік инфрақұрылымына, атап айтқанда, автотұрақтар мәселесіне тоқталды. Өйткені жол бойында қалған машиналар, көбінесе, коммуналдық қызметтердің жұмысына кедергі келтіреді. Облыс әкімі қар жылдам еріп жатқан қазіргі кезде ең алдымен адамдар көп баратын жерлерде жұмыс істеу керектігін алға тартты.

– Өйткені мектептерге, ауруханаларға және өзге әлеуметтік маңызы бар ғимараттарға бару мүмкін емес деген шағымдар келіп түсуде. «Бәйтерек» монументі маңындағы жол айрығын тағы бір мәрте зерттеп, тиімді жол жүрісін бекіту қажет. Мүмкін ескерткішті көшірген абзал. Сауда дүңгіршек иелері маған бірнеше рет жүгінгенін атап өткім келеді, бұл мәселеде қала әкімдігі балама шешімдер нұсқаларын іздеуі керек. Ертіс көпірінің астындағы жол айрығын салу перспективалы болып табылады, бұл іргелес көшелердегі трафикті айтарлықтай төмендетеді, – деді Ермек Көшербаев.

Сондай-ақ жиында Амфитеатр аймағында Татуласу алаңы пайда болатыны айтылды. Ондағы ескерткіш ретке келтіріледі. Қалада әртүрлі аудандарда абаттандыру бойынша бірқатар жобалар бар, көгалдандыру аясында 27 мың ағаш отырғызылады. Сонымен қатар, биыл облыс орталығының 28 көшесі мен 57 шақырым жолды жөндеу қарастырылған.

Облыс әкімі жауапты бөлімдерге қала тұрғындарының мүдделерін ескере отырып, тозығы жеткен және апатты тұрғын үй мәселесін қарастыруды тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив