«Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасы бекітілді
primeminister.kz
Үкімет 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы экологиялық мәдениетті дамытудың әртүрлі әдіс-тәсілін қамтитын кешенді әдісті қарастырады. Негізгі бағыттар экологиялық ойлауды қалыптастыруды, жауапты мінез-құлықты дамыту және оны ынталандыру шараларын, экологиялық білім беру мен ақпараттандыруды қамтиды.
Тұжырымдаманы іске асыру қоғамдық орындарда коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымын дамытуды, экологиялық қауіпсіз тәжірибелерді енгізуді және қоршаған ортаны ластауға «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Сондай-ақ құжатта тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді.