Таза Қазақстан: Өскемендіктер 85 қап қоқыс жинады
Қала әкімдігінің мәліметінше, кеше «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қаланың қоғамдық ұйымдары мен тұрғындары Аврора көшесінде сенбілік өткізіп, 85 қап қоқыс жинады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жергілікті тұрғындар мен белсенділер қолғап пен қоқыс салатын дорбалар алып, жұмысқа ынтамен кірісті. Күш-жігерді біріктіре отырып, олар аумақты қоқыстан тазартып қана қоймай, қаламыздағы тазалық пен тәртіпті сақтауда бірлескен іс-қимылдың маңызын көрсетті.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті және табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.