2025 жылға дейін 476 мың ағаш отырғызылады – ШҚО
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын орындау аясында Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік жоспары бекітілді. 5 жыл ішінде 476,5 мың ағаш отырғызу жоспарланған.
Бұл туралы ШҚО РСК брифингінде Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Еламан Мұхтарханов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Сондай-ақ ол бүгінгі күні өңір жұртшылығының қатысуымен әзірленген 2020-2024 жылдарға арналған экологиялық проблемаларды кешенді шешу жөніндегі Жол картасын іске асыру жүріп жатқанын айтты.
ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын орындау мақсатында үш жылдық перспективаға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.