KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қанша қоры бар?

16.08.2022, 16:15 284

Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қоры мол. Бұл туралы «Ертіс» ӘКК мемлекеттік бағдарламалар департаментінің директоры Артем Демидов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингі барысында айтты.

– 10 тамыздағы жағдай бойынша (соңғы деректер) облыс көлемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 20 448 тонна (жұмыртқаны қоспағанда) қоры бар. Бұған 8 366 тонна құрғақ өнім, 9 924 тонна жеміс-жидек пен көкөніс, 1062 тонна сүт өнімдері, 487 тонна сиыр еті және 609 тонна құс кіреді, – деді ол.

Спикердің айтуынша, мұнша азық-түліктің 2961 тоннасы жергілікті өндірушілердің қоймасында сақтаулы. Қалған 7317 тоннасы тұрғын үйлердің «бұрышындағы» дүкендер мен өзге де сауда нысандарының сөресінде тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу