KZ
Өскемен
-40°
туман жел 1 м/с, В
512.16 594.72 6.57

Глубокое ауылдарының бірінде тағы бір жарық көше пайда болды

19.11.2020, 10:47 420

Глубокое ауданындағы Прапорщикова ауылының Бейбітшілік көшесі жарықтандырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі Тамара Рахымжанова мәлімдеді.

– Бейбітшілік көшесінде бұрын соңды шам болмаған. Сол себепті әкімдік тұрғындардың өтінішін ескере отырып, көшені жарықтандыруыға қаражат бөлді, – деп жазды аудан әкімі.

Мердігер ұйым «Қазэнергоком» ЖШС ауыл көшесіне 21 жарықдиодты шам орнатты. Жұмыс сапалы жүргізілді және межелі мерзімде аяқталды.

– «Менің көшемде де бір той болады» деген осы шығар. Жарық шамдар орнатылғанына өте қуаныштымыз. Осыған дейін қас қарайғанда, үйден шыға алмай отырушы едік. Ал қазір күнде кешке серуендейтін болдық, – деді ауыл тұрғындары.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу