Қарауылда жаңа мектеп пайдалануға берілді - Абай ауданы
Қарауыл ауылында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойыны орай 300 орындық жаңа мектеп бой көтеріп, пайдалануға берілді.
– Мектеп Назарбаев Зияткерлік мектебінің стандарттарына сәйкес заманауи оқу жабдықтарымен, оның ішінде физика, химия, биология және тілдік пәндерді жаңа модификациялауға арналған кабинеттермен жабдықталған, – деп жазылған әкімдіктің ресми парақшасында.
Аудан әкімдігі мәлімдегендей, жаңа білім ошағына ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының есімі берілді. Жалпы орта білім беретін мектеп-лицейде оқу-тәрбие үрдісі екі тілде (қазақ және орыс тілдерінде) жүргізіледі.
– Нысанның сәулетті келбеті келуші қонақтардың да оң бағасын алып үлгерді. Мектеп қарсысына шынар ағаштары отырғызылып, кіші архитектуралық формалар қойылған, – дейді ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Бурхан Мұратов.