Карантин: Ұланда тексеру жұмыстары күн сайын жүргізілуде – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында санитарлық-эпидемиялогиялық талаптардың сақталуы қатаң қадағалануда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш ауданға қарайтын ауылдардың барлығында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында тексеру, қадағалау, түсіндіру жұмыстары күн сайын жүргізіліп жатыр. Мониторнигтік топ өкілдері білім беру нысандарын, сауда саттық орындарын және адам көп шоғырланатын жерлерді аралап, карантин нормаларын сақтамаған азаматтарға әкімшілік бұзушылық кодексінің негізінде айыппұл салды.
Айта кетейік, өңірде коронавирус инфекциясы өршіп кетті. Осыған байланысты карантин талаптарының сақталуын қадағалайтын мобильді топтар жер-жерде бақылауды күшейтіп жатыр.