Глубокое ауданында сауда орындарын тексеру жалғасуда
Шығыс Қазақстан облысы қатаң карантин режіміне көшпесе де, шектеу шаралары мүлтіксіз жүргізуде. Аудан-аудандарда сауда орындарын тексеру жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Сондай ауданның бірі – Глубокое. Мұндағы мониторингтік топ күн сайын рейд жүргізеді деуге болады.
Аудан әкімдігінің ақпарат бойынша, 17 қараша күні аудан әкімдігі, аудандық полиция бөлімі және аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қызметкерлерінен құрылған мониторингтік топтар, қоғамдық тамақтану орындарына, азық-түлік дүкендеріне, сұлулық салондарға, базарға, сауда үйлеріне, санитарлық нормалармен маскалық режимді сақтау бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізді.