KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

Аягөзде карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салып жатыр

4.12.2020, 16:10 900

Аудан тұрғындарын қауіпті індеттен сақтау, санитарлық талаптарды қатаң қадағалау мақсатында мобильді топ  жұмыс атқаруда.

3 желтоқсанында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан жеке тұлға Сапиев Алижанға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425 бабының 1 тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауына байланысты 15 АЕК, яғни 41670 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Мониторингтік топтардың негізгі мақсаты – аудан тұрғындарының денсаулығын сақтау, қауіпті індеттен сақтау, адам көп жиналатын қоғамдық орындарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету арқылы, тұрғындарға коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу