KZ
Өскемен
-13°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

«1 миллион 600 мың теңге тұрады». ШҚО-да үш балаға есту аппараты сатып алынды

19.10.2020, 07:56 212

Шығыс Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі үш балаға қымбат сандық есту аппараттары сатып алынды.

Үстіміздегі жылы семейлік құлағы нашар еститін балалардың ата-аналарынан облыс әкіміне сандық есту құралын алып беруге өтініш түскен болатын. Даниал  Ахметовтың тапсырмасы бойынша мүмкіндігі шектеулі үш балаға қымбат сандық есту аппараттары (1600,0 мың теңге) сатып алынды. Қызы осындай құралға қол жеткізген ата-аналардың бірі баласының білім алу мен шығармашылықта дамуы үшін көбірек мүмкіндік туғанына қуанышын айтып, облыс басшысына алғысын білдірді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу