Күршімнің паромы, жыр болған көпірі мен мұзы жайлы деректі фильм шықты
Елдегі БАҚ-тың бірі – «Азаттық» радиосы «Қалқыған паром, қатерлі мұз» деген атпен деректі фильм ұсынады. Бұл туралы ақпарат құралының Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазылды.
- Бұқтырма – Қазақстандағы ең үлкен су қоймасы. Су айдынында көпір жоқ. Тұрғындар Бұқтырмдан жазда ескі пароммен, қыста мұзбен жүруге мәжбүр. Жергілікті жұрт президент Тоқаев тапсырма бергенімен, әлі орындалмай жатқанына наразы. ШҚО әкімдігінің дерегінше, көпір құрылысына үкімет қаражат бөлмеген. Деректі фильмнің толық нұсқасы 9 қазан күні көрсетіледі, - делінген мәтінде.