KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Катонқарағайлық ардагерге жаңа үйдің кілті табысталды

11.05.2020, 03:13 196

Ұлы Жеңіс күніне орай аудан басшылығы, аудандық мәслихат және "Nur Otan" партиясы өкілдері Катонқарағай ауылының тұрғындары, жеңімпаз майдангерлер Қабдрашит Алипин мен Малғаждар Байғазин ақсақалдың шаңырақтарында болып, ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың және ШҚО әкімі Д.Ахметовтың құттықтау хаттарын табыс етті.

Сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында ардагерлердің Отан соғысындағы ерен ерліктері ескеріліп, аудан әкімдігі атынан әрқайсысына теледидар сыйға тартылса, "Nur Otan" партиясы атынан арнайы сыйлықтар мен азық-түлік себеттері табысталды.

Тағы бір айтарлық жайт, Ұлы Отан соғысының ардагері Қабдрашит атаға қолайлы жағдайлары жасалған тұрғын үйдің кілті табыс етілді.

-Бізге бейбіт өмір сыйлаған ардагерлеріміз аман болып, ұзақ жасасын! Аспанымыз ашық, жұртымыз тыныш болсын!, - дейді мереке иелерін құттықтаған аудандық мәслихат хатшысы Д.Бралинов.

 

Тимур Смағұлов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив