KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Жаңада ашылған мектепке облыс әкімі көліктің кілтін табыс етті

28.12.2012, 18:00 78


Үржар ауданының әкімі Бауыржан Жанақов Егінсу ауылында жаңада пайдалануға берілген білім ошағына облыс Әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан жеңіл көліктің кілтін сыйға тартты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мектептің екі қабатты ғимаратының бөлмелері кең, жарық әрі жылы. 130 орындық білім ұясында отыз шақты мұғалім еңбек етеді.

Ғимарат ішінің безендірілуі заманға сай, сәулетті де әдемі. Спортзалы да биік әрі кең. Тігін бөлмесі де құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Осы тамаша ғимаратты аудандағы «Коммуналдық шаруашылық» мемлекеттік мекемесі салып берді.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив