KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Өскеменде мерекелік жәрмеңке дүкендер мен базарлар арқылы өтеді

25.12.2012, 18:00 97



Өскемен қаласында мерекелік жәрмеңке дүкендер мен базарлар арқылы өтетін болды. Өйткені ауа райының күрт бұзылуынан ауылшаруашылық жәрмеңкесіне аудандардан келе алмайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Оксана Желякова хабарлады:

-Ауа райының нашарлауына байланысты аудандардан кәсіпкерлер келе алмайтын болғандықтан біз өзіміздің іс-әрекеттерімізді қайта қарап, мерекелік сауданы дүкендер мен базарлар арқылы кеңейтпекпіз.

Қалалық кәсіпкерлік бөлімі облыстық тұрақтандыру қорының өнімдерін сату жөнінде «Дос-Нар», «Заречный», және «Дина» базарларымен қосымша шартқа отырды. Енді Өскеменде 4 базар( «Жәрдемді» қосқанда) азық-түлік өнімдерін әлеуметтік бағалармен саудалайтын болды. Бұдан басқа қалада тағы 66 әлеуметтік сауда нүктесі жұмыс істейді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив