KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Физик ғалым атом энергетикасы туралы ақиқатты айтты



14.11.2023, 20:50 418 0

Шығыс Қазақстан облысында АЭС салу мәселесін жария талқылау өтті.

Облыс тұрғындары сарапшыға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

— Мен тұтас ғұмырымды ғылымға, ядролық физикаға арнадым. Иондық, электрондық ағынмен жұмыс істедім. Осы күнге дейін шашым ағарып, не түсіп көрмепті. Бес балам бар. Яғни, қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жұмыс істесе еш залалы жоқ, — деп түсіндірді физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Манарбек Қылышқанов.

Ол Ақтаудағы АЭС-ті консервациялау жағдайын түсіндірді. Көбі бұл нысан істен шыққандықтан жұмысы тоқтады деп есептейді. Алайда, әр атом станциясының қолданыс мерзімі болады.

Ресурстың таусылуына байланысты елдің батысындағы АЭС-тің жұмысы 1999 жылы тоқтатылды.

— Бұл АЭС - кеңестік кезеңнен қалған мұра. Қайта өңдеу қоры болмаған жағдайда қалдықтар басқа қорларда жойылады. Осы АЭС-тің ураны ҮМЗ-де қайта пайдаланылды, өңделгеннен кейін төмен байытылған уран түйіршіктері сатылды, — дейді ғалым.

Ол  жаһандық күн тәртібіндегі көміртегі бейтараптығы жөніндегі мәселеге байланысты халықаралық қаржы институттары көмір зауыттарының құрылысына инвестиция салудан бас тартқанын атап өтті. Елде газ ресурсының шектеулі болуына байланысты газ өндіруді кең көлемде енгізу де мүмкін емес екен. Барлық артықшылықтарына қарамастан жаңартылатын энергия көздері тұрақты және негізгі генерация көзі бола алмайды, себебі ол табиғи-климаттық факторларға тікелей тәуелді болғандықтан жұмысы құбылмалы, болжауға жатпайды. Сонымен қатар, мұндай жобаларды жүзеге асыру өте қымбатқа түседі. Профессордың пікірінше, атом энергетикасы экологиялық тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да ең тиімді нұсқа.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу

Пікірлер (0)