KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, В
446.49 475.38 4.79

Шығыстың үздік жас бағдарламашылары жарысқа түсті



29.03.2024, 17:00 112 0 Айна Ескенқызы

Өскемен қаласында Қазақстан-Америка Еркін университетінің «Бизнес» кафедрасы мен Oskemen IT-Hub бірлесе ұйымдастыруымен  колледж білім алушылары арасында «Coding Skills» бағдарламалау бойынша VII өңірлік олимпиадасы өтіп жатыр.  

Олимпиаданы өткізудегі мақсаты - дарынды жастардың кәсіби деңгейін арттыру, облыстағы ақпараттық технологиялар саласын жетілдіру, сондай-ақ оқушылардың бағдарламалаудағы практикалық дағдыларын тексеру және олардың қойылған міндеттерді шешуге шығармашылық көзқарастарын дамыту, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Бұл олимпиада осымен биыл жетінші рет өтіп жатыр. Мақсатымыз - шығыстағы ең талантты үздік бағдарламашыларды тауып, іріктеп алу. Олимпиадаға облыстың алты колледжінен 40-тан астам студент қатысып отыр. Олар білімдерін екі турда сынға салады. Бірінші турда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды бағдарламалау сұрақтары бойынша  жалпы тестілеуден өтті. Мұнда ең мықты деген 10-15 жасты таңдап алдық. Екінші кезеңде қатысушылар өздері үшін ең мықты бағдарламалау тілдерін таңдап алады да, оны орнатқаннан кейін екі сағат бойы сұрақтарға жауап беріп, есептер шығарады. Олимпиаданың қорытындысында үздік шыққан үш жеңімпаз марапатталады. Оларға Қазақстан-Америка еркін университеті грант ұсына отырып, жеңілдіктерін береді. Сондай-ақ Oskemen IT-Hub та өз тарапынан  тегін курстар мен жақсы сыйлықтарды ұсынады, - деді Oskemen IT-Hub менеджері Дидар Мұратұлы.

Олимпиада қатысушыларының бірі, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі информатика мамандығының үшінші курс студенті Нұрлыай Мәуітбекова келешекте IT технологиялары саласында білімін жалғастыруды қалайды екен.

- Бірінші тур мен үшін жеңіл болды. Мен қазақ тілін таңдадым. Маған санау жүйесі бойынша көп сұрақ келді. Екінші турда есептер шығарамыз, ол да қызықты болады деп сенемін. Мен ұйымдастырушыларға қызықты олимпиада өткізгендері үшін алғысымды білдіргім келеді. Осы жерде көптеген жаңа достар таптым, болашақта IT технологиялары саласында маман болғым келеді - дейді Нұрлыай.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив