KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 3 м/с, ОБ
443.35 475.54 4.82

Өскеменде IQanat олимпиадасының II кезеңі өтіп жатыр

Фото: Назерке Кәрімова

28.03.2024, 19:03 51 Қызырбек Дүргінбайұлы

Шығыс Қазақстан облысында өтіп жатқан ауыл балаларына арналған IQanat олимпиадасының II кезеңіне Зайсан, Шемонаиха, Тарбағатай, Глубокое, Алтай, Катонқарағай, Күршім, Самар және Ұлан аудандарынан білім жүйріктері қатысуда.
Бұл жолғы білім бәйгесінің ІІ кезеңіне барлығы 226 бала қатысып, бақтары мен баптарын сынға салып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
IQanat олимпиадасы ауыл балаларының арасында дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан білім бәйгесі. Бұл олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірінен 10 мыңнан астам бала қатысады.
Екінші кезең пәндік бағытқа ие, яғни оқушылар математика, физика, биология, химия, Қазақстан тарихы және география сияқты пәндер бойынша тестілеуден өтеді. Ақтық сынға жолдама алатын 1000 баланың бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатына тегін оқуға, ал екінші бөлігі – Олимпиададан кейінгі үшжылдық тегін қолдауға қабылданады. Осылайша балалар ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға қарқынды дайындалып, ағылшын тілін, ІТ-дағдыларды, soft skills, кәсіпкерлікті және басқа да салаларды оқып, білім жетілдіре түседі. 
Бұған дейін олимпиадада шығыстың намысын асқақтатқан оқушылар арасында Тасқынбек Ерасыл, Алпысов Мирас, Өрлеу Ернар, Нұрлыбек Арлы, Саломонов Владислав, Баян Қасымоваларды атап өтуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив