Өскеменде қала күні қарсаңында жәрмеңке өтеді
Облыс орталығында келесі сейсенбіде қала күні мен ҚР Конституциясы күні атап өтіледі. Айтулы мерекеде мерекелік іс-шаралармен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерінің дәстүрлі жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала әкімдігі тартақан мәліметке сүйенсек, Fresh Market сауда - логистикалық орталығының аумағында апта сайын өткізілетін жәрмеңке келесі аптада 27-сінен 30-шы тамызға ауыстырылды. Себебі мереке күндеріне байланысты сенбі жұмыс күні болып белгіленген.
- Жәрмеңке 30 тамыз күні сағат 9.00-де Назарбаев даңғылы, 68 мекенжайындағы Металлургтер мәдениет сарайының алдында өтеді. Қала тұрғындары қарбыз, қауын, бал, кондитерлік өнімдер, отандық өндірушілердің сүт өнімдері таба алады, - делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.