KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СШ
504.34 556.34 5.97

Гаражда тұрған көлігін айдап әкетті

23.06.2022, 11:12 277

Шығыс Қазақстанда полиция қызметкерлері автокөлік ұрлаған тұрғынды ұстады.

7 маусымда Ұлан ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауданның 53 жастағы тұрғынынан арыз келіп түсті, ол белгісіз біреулер гараждан күйеуінің автокөлігін ұрлап, 6 миллион теңгеге жуық шығын келтіргенін хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні тауып, ізін суытпай ұстады. Ол бұрын сотталған 40 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

-  Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу