ШҚО полицейлері азаматтарды алдаған алаяқтарды ұстады
Наурыз айының соңында алаяқтықтың құрбаны болған Глубокое ауданының 22 жастағы тұрғыны Өскемен қаласының Ертіс ПБ «102» жедел арнасына жүгінді.
Жәбірленушінің сөзінше, бейтаныс жігіт сауда үйлердің бірінде, қоңырау шалу үшін оның смартфонын алып, мобильді қосымша арқылы оның атына 220 000 теңге көлемінде несие ресімдеген.
- Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірген. Ол облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны болып шықты, одан жауап алу кезінде ол кінәсін мойындады. Қаскөйге қатысты келу туралы міндеттеме мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Сол күні Семей қаласының полициясы алаяқтықтың тағы бір фактісін анықтады. Алайда, бұл жағдайда шығын сомасы миллионнан асты, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Семей қ.ПБ Орталық ПБ кезекші бөліміне бейтаныс жігіттен 1 150 000 теңгеге жуық сомаға кафе мүлкін сатып алуға тырысқан 26 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген.
Өтінішті қабылдап, криминалдық полиция қызметкерлері дереу қылмысты ашуға кіріскен. Қабылданған шаралардың нәтижесінде полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен, 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адамнан жауап алу кезінде, қаражаттықажеттілігіне жұмсап үлгергенін айтты.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.