ШҚО полицейлері 70 литр донорлық қан тапсырды
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл және «Дүниежүзілік қан доноры күнін» мерекелеу аясында полицейлердің 30 игі ісінің біріне қан доноры болуды таңдады.
Құнды биоматериалды тапсыруға ниет білдірушілер көп жиналды, өйткені тәртіп сақшылары күн сайын олардың көмегіне мұқтаж адамдарды кездестіреді – бұл ЖКО-нан қатты зардап шеккендер, қылмыстар мен оқиғалардың құрбандары, сондай-ақ қиын қызметтік жағдайға тап болған қызметкерлердің өздері.
Қан жинау үш кезеңге бөлінді. Біріншісі ЖПҚБ-тд өтті, онда Әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері донор болды, олар қан құю өмірді құтқару үшін өте маңызды екенін жақсы біледі.
Екінші кезеңде құнды биоматериалды тапсыруға арнайы жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері келді. Дәрігерлер атап өткендей, полицейлер донор ретінде құнды, өйткені олар денсаулығына мұқият назар аударады.
Соңғы кезең Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде өтті. Төрт күн ішінде акцияға 173 құқық қорғау қызметкері қатысып, жалпы көлемі 72 литрден астам қан тапсырды.
- 14 маусымда Шығыс Қазақстан облыстық қан Орталығында «Қан донорлығы - ынтымақтастық актісі» ұранымен салтанатты іс-шара және қан тапсыру қайырымдылық акциясы өтті, онда ШҚО ПД, Өскемен қ.ПБ және Глубокое ауданының ПБ полиция қызметкерлері белсенді қатысты. Полиция департаментінің белсенді донорлары Шығыс Қазақстан облысында Қан мен оның компоненттерінің өтеусіз донорлығын қолдағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.