Милан Олимпиадасына қатысатын Қазақстан командасының толық құрамы белгілі болды
6-22 ақпан аралығында Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиадаға Қазақстан құрамасында 36 спортшы қатысады. Олардың қатарында Шығыстан шыққан мықты спортшылар да бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Лицензиясы спортшылар:
Фристайл – могул: Павел Колмаков, Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Анастасия Городко.
Фристайл – акробатика: Дінмұхаммед Райымқұл, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асан Асылхан, Аяна Жолдас.
Биатлон: 2 ер, 2 әйел спортшы (есімдер Ұлттық құрама бапкерлер кеңесінде анықталады).
Тау шаңғысы спорты: Ростислав Хохлов, Александра Скороходова.
Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров.
Шаңғы жарысы: Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков, Виталий Пухкало, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина.
Шаңғымен тұғырдан секіру: Данил Васильев, Илья Мизерных.
Конькимен жүгіру спорты: Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.
Шорт-трек: Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан.
Мәнерлеп сырғанау: Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина.
Айта кетейік, бұл құрама 2025-2026 жылғы лицензиялық кезеңдер нәтижесінде анықталған спортшыларды қамтиды. Алдағы уақытта Халықаралық Олимпиада комитетінің есебінен қосымша жолдамалар берілуі мүмкін. Олимпиада лицензиясына қатысты соңғы ақпарат қаңтардың аяғында жарияланады.
XXV қысқы Олимпиада Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған әлемнің 93 елінен 3500-ден астам спортшы қатысады.